«Әл-Наср» Саудия лигасының чемпионы атанды
«Әл-Наср» Сауд Арабиясы чемпионатының алтынына қол жеткізді. Команданың бас жұлдызы Криштиану Роналду ұзақ жылдардан кейін алғаш рет ел чемпионы атанды.
41 жастағы сұрмерген «Дамакқа» қарсы өткен матчта (4:1) дубль авторы атанып, өз командасының маусымды турнир кестесінің бірінші сатысында аяқтауына үлкен үлес қосты.
Маусым қорытындысы:
1. «Әл-Наср» - 86 ұпай
2. «Әл-Хиляль» - 84 ұпай
3. «Әл-Ахли» - 81 ұпай
Роналду маусымды 28 голмен бомбардирлер тізімінде 3-орынмен аяқтады. Ол тек «Әл-Кадисия» шабуылшысы Хулиан Киньонес (33 гол) пен «Әл-Ахли» форварды Айван Тоуниге (32 гол) есе жіберді.
Бұл португалиялық шабуылшының 2022 жылдың соңынан бері «Әл-Наср» жейдесінде бағындырған алғашқы ресми кубогы. Сондай-ақ, бұл форвард үшін 2020 жылы «Ювентуспен» Серия А-да топ жарғаннан кейінгі алғашқы чемпиондық атақ болып тіркелді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді
25.08.2026, 14:50
Қазақстан құрамасы Таиландқа есе жіберді
25.08.2026, 10:50
Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте үздік үштікке енді
24.08.2026, 17:30
Қазақстан таеквондодан әйелдер арасындағы ашық әлем чемпионатына қатысады
24.08.2026, 15:10
Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды жастар арасындағы әлем чемпионатында табысты өнер көрсетуімен құттықтады
24.08.2026, 14:55
Қазақстан күрес түрлерінен U20 әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады
24.08.2026, 13:00
Аюб Буадди «Манчестер Сити» ойыншысы атанады
24.08.2026, 11:10
Қазақстан құрамасы дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды
24.08.2026, 09:30