Қарағандылық «Шахтер» ҚПЛ-ге оралды
Қазақстан Бірінші лигасының 20-туры аясында «Елімай М» өз алаңында «Шахтерді» қабылдады. Нәтижесінде қарағандылық команда 3:0 есебімен жеңіске жетті. Осы жеңістің арқасында кеншілер ҚПЛ жолдамасын мерзімінен бұрын иеленді.
«Шахтер» 55 ұпай жинап, Бірінші лига турнирлік кестесіндегі көшбасшылығын сақтап қалды. Команда маусымды кемінде екінші орында аяқтайды.
Қарағандылықтар чемпионаттың аяқталуына алты тур қалғанда төртінші орында тұрған «Оңтүстік Академиясынан» 22 ұпайға алда. Ал екінші сатыдағы «Қайрат-Жастар» фарм-клуб ретінде Премьер-лигада өнер көрсете алмайды.
Осылайша, Қазақстан чемпионатының екі дүркін жеңімпазы келесі маусымда Премьер-лигада қайтадан өнер көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жұрқамырза Шүкірбеков V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды
21.10.2026, 13:00
Пара дзюдо: Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды
21.10.2026, 13:00
Зарина Раифова мен Ақтолқын Сейілбекова V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
21.10.2026, 12:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Бруссенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегерлері
21.10.2026, 11:25
Қазақстан құрамасы пара велоспорттан тағы бір алтын медаль жеңіп алды
21.10.2026, 11:00
Қазақстан құрамасы пара садақ атудан күміс медаль иеленді
21.10.2026, 10:30
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
21.10.2026, 10:00
Махамбет Серікқалиев V Пара Азия ойындарының қола жүлдегері
21.10.2026, 09:45