Абзал Әжіғалиев кәсіби спорттағы мансабын аяқтады
Шорт-тректен Қазақстан құрамасының белді спортшыларының бірі Абзал Әжіғалиев кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды olympic.kz.
Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында көпжылдық спорттық жолына тоқталып, осы уақыт ішінде қолдау көрсеткен отбасы мүшелеріне, бапкерлеріне, командаластарына және жанкүйерлеріне алғыс айтты.
Абзал Әжіғалиевтің негізгі жетістіктері:
2014 жыл – Сочи Олимпиадасында 5-орын
2018 жыл – Пхёнчхан Олимпиадасында 6-орын
2022 жыл – Бейжің Олимпиадасында 500 метрде 4-орын
2016 жыл – Әлем кубогында 500 метр қашықтықта жеңімпаз
2025 жыл – Азия ойындарында ерлер эстафетасында алтын медаль
Шорт-тректен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы
2018 және 2022 жылдары Олимпиада ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының Туын алып шықты.
Спортшы алдағы уақытта жинаған тәжірибесі мен білімін Қазақстан спортын дамытуға жұмсап, шорт-тректің дамуына үлес қосуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы