Басты Жаңалықтар VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысы

31 тамыз – 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. Дүбірлі додаға әлемнің әр елінен спортшылар қатысып, ұлттық спорт түрлерінен бақ сынады.
Қазақстан құрамасы байрақты доданы 74 медальмен қорытындылады. Оның ішінде 32 алтын, 20 күміс және 22 қола медаль барЖарыстардың негізгі бөлігі Ыстықкөл облысының Шолпан-Ата қаласы мен Қырчын шатқалында ұйымдастырылды.
Жалпыкомандалық есепте Қырғызстан 30 алтын медальмен екінші, Ресей 7 алтынмен үшінші орынға тұрақтады.
Қазақстандық спортшылар аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, алыш, армрестлинг, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, мангала, дәстүрлі садақ ату, ат жарысы және басқа да спорт түрлерінен жүлдеге ие болды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын 32 алтын, 20 күміс және 22 қола медальмен аяқтады.


Бөлісу