«Kazsport» телеарнасы HD форматында хабар тарата бастайды

Еліміздегі алғашқы спорт арнасы «Kazsport» 2016 жылдың 10 қыркүйегінен отандық және әлемдік спорттық шаралардан HD форматта хабар тарата бастайды. Футбол матчтарының, боксшылар кездесуі мен палуандар белдесуін, Геннадий Головкиннің жеңістері мен «Астана» командасының Еуропа лигасындағы кездесулері, «Барыс» командасының хоккей алаңдарындағы жетістіктері енді анық бейнесімен ғана емес, сондай-ақ, жарқын дыбысымен де көрерменді таң қалдырмақ. Көрермен түрлі спорттық жарыстарды 5 есе қанықтылықпен тамашалайтын болады.

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев: «Бұл 4 миллион аудиториясы бар «ОТАУ ТВ» спутникті операторына ғана емес, қазақстандықтарға да жағымды жаңалық деп білемін. Себебі, бұл отандық телевизияның жоғары сапада хабар таратуға жасаған алғашқы қадамдарының бірі ғана. Енді басты спорт арнаның бейнесі бұрынғыдан да қанық бола түседі. Оның үстіне «ОТАУ ТВ» операторындағы тегін пакеттер қатарын толықтырды», - деді.

Анық дыбыс, жоғары сапа «ОТАУ ТВ» операторының тегін пакетіндегі телеарна көрермендерінің барлығына қолжетімді болмақ. Мұндай мүмкіндік жаңа қазақстандық KazSat-3 спутнигіне ауысқаннан кейін пайда болып отыр.

Хабар таратудың бұл нұсқасын орнату үшін ОТАУ ТВ HD қабылдағышы болуы керек. Егер абонентте мұндай қабылдағыш болмаса, онда 6-шы арнада SD форматындағы хабар таратудың қарапайым режимі орналасқан. Спорттық жарыстардың трансляциясын көрермен сонымен қатар, kazsport.kaztrk.kz сайтынан онлайн режимде тамашалай алады.

«Біз жоғары сапалы хабар тарату форматына көшкелі отырмыз және барлық спорттық шаралар мен телебағдарламалар ешқандай ақаусыз көрсетілетініне сенімдіміз.  Телебейне барынша анық болады. Біздің трансляцияларымыз көрерменге сол спорттық шарада отырғандай әсер береді, деп ойлаймыз», - деп атап өтті «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова.

Телеарнаның техникалық қабілетінің артуының арқасында биылғы жылдың ең маңызды спорттық оқиғасы – Геннадий Головкин мен Келл Брук арасындағы жекпе-жек  ерекше болары сөзсіз. Әлемдік оқиға алғаш рет «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілмек.  Аталмыш жекпе-жек 10 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 00:00-де көрсетіледі.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ресми: Георгий Жуков «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Дастан Сатпаев – әлемдегі ең қымбат жас футболшылардың қатарында
Азия кубогында садақ атудан Қазақстан құрамасы екі алтын медаль иеленді
Астанада өтетін World boxing cup турниріне қатысатын ел құрамы белгілі болды
Теннис: Зарина Дияс жартылай финалға өтті
Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді жеңді
Қазақстан U23 құрамасы Азия чемпионатының бірінші күні 6 медальға ие болды
«Реал» мен «Аль-Хиляль» тең тарқасты
Ресми: Жоан Гарсия «Барселонаның» қақпашысы атанды
Оралда дәстүрлі садақ атудан Қазақстан біріншілігі өтті
Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогы кезеңінде қола жүлдеге қол жеткізді
Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы дебютін өткізеді
Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» қарсыласы белгілі болды
Дарын Қонысбаев Азия кубогының жеңімпазы атанды
Қазақстандық таеквондошылар Austrian Open турнирінде бес медальға ие болды
Параволейболдан Қазақстан құрамасы алғаш рет Азия чемпионы атанды
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Су спорт түрлері федерациясының жаңа бас хатшысы атанды
Елена Рыбакина Лондон турнирінің ширек финалына өтті