«Kazsport» телеарнасы төрт комментаторды жұмысқа қабылдады

2016 жылдың 19-20 қараша күндері Астанада өткен кастинг қорытындысы бойынша «Kazsport» телеарнасы төрт комментаторды жұмысқа қабылдады.

Кастингке қатысуға ниет білдіргендер арасынан сексен үш үміткер іріктелінді. Олардың арасынан он үміткер 25 қараша күні ұйымдастырылған екінші кезеңге өткізілді. Екінші кезеңнен сүрінбей өткен бес адам Көркемдік Кеңестің қарауына жіберілген болатын. Үміткерлердің дауысы жазылған материалдармен танысқан Кеңес мүшелері бес адамның арасынан төртеуін комментаторлық жұмысқа алу туралы шешім қабылдады.

«Kazsport» телеарнасының комментаторлығына қабылданған азаматтар тізімі:
- Максим Шиманский – Астана қаласының тұрғыны, футбол және басқа да командалық спорт түрлерінің комментаторы;
- Дархан Жүсіпов – Астана қаласының тұрғыны, хоккей және басқа да командалық спорт түрлерінің комментаторы;
- Дидар Қадыров – Ақмола облысының тұрғыны, футбол және басқа да командалық спорт түрлерінің комментаторы; 
- Ерсін Ерік – Астана қаласының тұрғыны, футбол комментаторы.

«Қазақстан» РТРК» АҚ ұжымы Астана қаласындағы кастингке қатысқан барлық үміткерге алғысын білдіреді. Сондай-ақ, бұл жолғы іріктеуден өтпей қалған үміткерлер алдағы уақытта өтетін кезекті кастингте үздік шығатынына сенім білдіреді. Астана қаласындағы келесі кастинг 2017 жылдың ақпан айына жоспарлануда. 

2016 жылдың соңғы кастингі желтоқсан айының ортасында Алматы қаласында жоспарлануда. Іріктеу туралы нақты ақпарат желтоқсан айының басында хабарланады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Милад Карими Әлем кубогында тағы да алтын медаль жеңіп алды
«Жетісу» алғаш рет Азия чемпиондар лигасының чемпионы атанды
Елордада Қазақстан және әлем аңыздары арасында жолдастық матч өтті
Бүгін Қазақстан футболы күні
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты
«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасының ширек финалына шықты
Мөлдір Жаңбырбай каратеден Мысырдағы турнирде топ жарды
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының жүлдесіне ие болды
Ресейдегі турнирде қазақстандық боксшылар 11 медаль жеңіп алды
Садриддин Ахмедов мексикалық боксшымен тең түсті
Милад Карими спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Нариман Курбанов әлем кубогында қола жүлдеге ие болды
Қазақстандық спортшылар Әлем кубогында топ жарды
Дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды
«Qazsport» телеарнасының YouTube арнасындағы жазылушылар саны 1 миллионға жетті
Айдарбек Қожаназаров Көкпар федерациясының президенті болып сайланды
Михаил Шайдоровқа пәтердің кілті мен ақшалай сыйлық табысталды
«Арлан» қатарынан екінші рет Қазақстан чемпионы атанды
Қазақстан ерлер құрамасы тоғыз медаль жеңіп алды