«Астана» клубы Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шықты
«Астана» футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты. Қос ойын қорытындысы бойынша қазақстандық клуб Беларусь елінің «БАТЭ» командасын жарыс жолынан шығарды. Борисовта өткен қарымта ойында 2:2 есебі тіркелді.
Станимир Стойлов жаттықтыратын қазақстандық клуб бірінші таймда алаң иелеріне басымдықты беріп, қорғаныста ойнады. Көп тұста қорғаушылар қателікке бой алдырып, «БАТЭ» ойыншыларына мүмкіндік берумен болды. Нәтижесінде 27 минутта Михаил Гордейчук ойындағы есепті ашып, алаң иелерін алға шығарды. Осылайша бірінші тайм аяқталғанша 1:0 есебі сақталды.
«Астана» екінші таймды тың серпіліспен бастады. 49 минутта бұрыштама добынан кейін Неманья Максимович қарсылас қақпасына баспен соққы бағыттап, есепті теңестірді.
Ал 76 минутта Патрик Твумаси айып соққысын сәтті орындап, есепте «Астананы» алға шығарды.
Ойын аяқталар тұста «БАТЭ» ойыншылары қауіпті ойнай бастады. Риос Серікжан Мұжықовқа қарсы дөрекі ойнап, қабағын жарды. Нәтижесінде француз төрешісі Тони Шапран «БАТЭ» ойыншысын алаңнан қуды.
89 минутта қазақстандық клубтың қорғаушылары айып алаңында ереже бұзып, 11 метрлік айып добы белгіленді. Стасевич пенальтиді сəтті орындап, таразы басын теңестірді.
Айта кетейік, Астанада өткен бірінші ойында елордалық клуб Беларусь ұжымын 2:0 есебімен жеңген еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Венгрияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
19.08.2026, 15:40
Ислам Чесноков «Крылья Советов» ойыншысы атанды
19.08.2026, 11:00
Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
19.08.2026, 09:50
Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды
18.08.2026, 12:11
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің 1/8 финалына шықты
18.08.2026, 10:25
Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында үздік бестікке енді
17.08.2026, 11:52
Родри «Барселона» ойыншысы атанады
17.08.2026, 11:17
Қазақстандық балуандар Дортмундта топ жарды
17.08.2026, 10:13