Роналдиньо спорттық мансабын қашан аяқтайтынын айтты
Бразилиялық танымал футболшы, «Барселона» мен «Милан» командаларының бұрынғы жартылай қорғаушысы Роналдиньо өзінің спорттық мансабын 2017 жылы аяқтайтынын мәлімдеді.
36 жастағы футболшының айтуынша, ол тағы бір жыл ойнауға дайын, ал содан соң музыкамен байланысты жобалармен айналысуды жоспарлап отыр.
«Жасым 36-ға келді, қартайдым. 26-дағы кезімдей өзімді бұрынғыдай мықты сезінбеймін. Спортттық мансабымның соңын қалай есте қаларлықтай етуге болатынын ойлаумен жүрмін. Әзірге тағы бір жыл өнер көрсетуді жоспарлап отырмын. Қазірдің өзінде музыка және футболмен байланысты жобаларға кірісіп кеттім», - деді атақты футболшы.
Айта кетсек, Роналдиньо 2002 жылы Бразилия құрамасы сапында әлем чемпионы атанды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Венгрияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
19.08.2026, 15:40
Ислам Чесноков «Крылья Советов» ойыншысы атанды
19.08.2026, 11:00
Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
19.08.2026, 09:50
Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды
18.08.2026, 12:11
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің 1/8 финалына шықты
18.08.2026, 10:25
Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында үздік бестікке енді
17.08.2026, 11:52
Родри «Барселона» ойыншысы атанады
17.08.2026, 11:17
Қазақстандық балуандар Дортмундта топ жарды
17.08.2026, 10:13