Басты Жаңалықтар Гвардиоланың шәкірттері Премьер-Лигада алғаш рет жеңіліп қалды

Гвардиоланың шәкірттері Премьер-Лигада алғаш рет жеңіліп қалды

Гвардиоланың шәкірттері Премьер-Лигада алғаш рет жеңіліп қалды

«Манчестер Сити» футболшылары Англия чемпионатында бірінші рет қарсыласына жеңіліп қалды.

Премьер-Лиганың 7-ші турында Хосеп Гвардиола командасы сырт алаңда лондондық «Тоттенхэмнен» жеңілді - 2:0. Кездесудің тоғызыншы минутында «Ситидің» сербиялық қорғаушысы Александр Коларов өз қақпасына автогол салды. Ал, 37-ші минутта «Шпорлардың» жас жартылай қорғаушысы Делле Алли есепті еселей түсті.

Және екінші таймда «Тоттенхэм» пенальтиді дұрыс орындай алмады. Аргентиналық жартылай қорғаушы Эрик Ламеланың бағыттаған соққысын «МС»-дің чилилік қақпашысы  Клаудио Браво қайтарды.

Бұл жеңіліс Гвардиола үшін «Манчестер Сити» бас бапкері қызметіндегі алғашқысы болды. Бұған қарамастан «қалалықтар» 18 ұпайымен чемпионатта көш бастап келеді.

«Тоттенхэм» үшін бұл «АПЛ»-дағы бесіншісі жеңісі. Маурисио Поччетино командасы чемпионатта жеңіліп көрмеген жалғыз ұжым  болып тұр. Олар 17 ұпайымен  «Манчестер Ситиден» кейін екінші орынға жайғасты.

Бөлісу