Басты Жаңалықтар Қазақстан футбол құрамасы Черногориядан 5:0 есебімен жеңілді

Қазақстан футбол құрамасы Черногориядан 5:0 есебімен жеңілді

Қазақстан футбол құрамасы Черногориядан 5:0 есебімен жеңілді

2018 жылғы Ресейде өтетін футболдан Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы кездесуде біздің құрама Черногориядан 5:0 есебімен ойсырата жеңілді.

Матчтағы есепті Томашевич 24-ші минутта ашты. Біздің футболшылар өткізіп алған голға қарамастан бірінші таймда жинақы ойнап, үзіліске тек 1:0 есебімен кеткен болатын. 

Екінші таймда черногориялықтар шабуылдарын үдете түскен еді. Біздің құрама ойыншылары бірінен соң бірі түрлі-түрлі қате жіберіп, кездесудің 80-ші минутына дейін тағы төрт гол жіберді. 

Черногория — Қазақстан 5:0 
Голдар: Томашевич 24 (1:0), Вукчевич 59 (2:0), Йоветич 64 (3:0), Бечирай 73 (4:0), Савич 78 (5:0)
Ескертулер: Бечирай 32 — Исламхан 32, Кислицын 37, Мухутдинов 89

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы келесі ойынды Румыния қарсы 11-ші қазан күні өткізеді.

Бөлісу