Басты Жаңалықтар Талғат Байсұфинов: Негізгі құрамда өзгерістер болады

Талғат Байсұфинов: Негізгі құрамда өзгерістер болады

Талғат Байсұфинов: Негізгі құрамда өзгерістер болады

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсұфинов бүгінгі Румынияға қарсы ойын жайлы өз пікірін білдірді.

- Черногориядағы үлкен сәтсіздіктен кейін көңіл-күйіңіз қандай?

- Көңіл-күйіміз жоқ. Бірақ біз - кәсіпқой командамыз. Өткен ойынның қателіктерін зерттеп, ертеңгі ойынға дайындалдық.

- Черногориямен өткен ойында бес қорғаушымен ойнадық, сондай-ақ Альмир Мухутдинов орталық шепте жиі қателесті. Бауыржан Исламхан да ертең алаңға шықпайды. Құрамада өзгерістер болады ма?

- Өзгерістер болады. Мухутдиновқа оның қателіктері айтылды. Ол қорғаныста жақсы ойнады, бірақ шабуылда әлсіз қимылдады. 

- Исламханның ескертуі жайлы не айтасыз?

- Жігіттерге өз мінездерін көрсетуге тыйым салу мүмкін емес. Черногорияда Бауыржан бос жерде сары қағаз алды. Ескерту алған соң өз ойынын көрсете алмады.

- Черногория қақпаға жиі соққы жасаған жоқ, ал голдардың көп бөлігі стандарттан соғылды. Бұл туралы не ойлайсыз?

- Черногориялықтардың физикалық тұрғыда мықты екенін білдік. Допқа таласта жиі жеңіліп жаттық. Қақпашымен де сөйлестік. Команда қорғаныста ғана ойнады.

- Румынияға қарсы ойында қақпада кім тұрады?

- Юрий Новиковпен ақылдасып, бұл мәселені шешеміз. Әзірге нақты айта алмаймын.

Дерек көзі: prosportkz.kz

Бөлісу