Қазақстан құрамасы Румыниямен тең ойнады – 0:0
2018 жылғы футболдан Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Румыниямен кездесіп, ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.
Матч «Астана Арена» стадионында өткен болатын.
Бірінші таймда румыниялық Богдан Станку мен қазақстандық Сергей Хижниченко қауіпті сәттерді тудырса, екінші таймда Самат Смақов мен Исламбек Қуат қарсыластың қақпасына бағытталған соққыларымен көзге түскен болатын.
Осылайша, Қазақстан құрамасы қатарынан екінші рет өз алаңында тең ойнап, Әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі екінші ұпайына ие болды.
Ұлттық құрамамыз келесі кездесуін 11-ші қарашада сырт алаңда Данияға қарсы өткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, кездесуді тікелей эфирде көрсеткен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесу: Әлем кубогына қатысатын ұлттық құрама тізімі белгілі болды
15.05.2026, 16:50
Бокс: Қазақстан U15 құрамасы 7 алтын медальға ие болды
15.05.2026, 10:35
Бокстан Олимпиадалық салмақ дәрежелері белгілі болды
14.05.2026, 12:00
Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады
14.05.2026, 11:00
«ПСЖ» Франция чемпионы атанды
14.05.2026, 09:30
«Интер» Италия кубогын иеленді
14.05.2026, 09:00
Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
13.05.2026, 12:30
Ауыр атлетика: арулар арасында жеңімпаздар анықталды
13.05.2026, 11:55