Басты Жаңалықтар Самбодан Әлем Кубогы кезеңінің алғашқы жарыс күні аяқталды (ФОТО)

Самбодан Әлем Кубогы кезеңінің алғашқы жарыс күні аяқталды (ФОТО)

Самбодан Әлем Кубогы кезеңінің алғашқы жарыс күні аяқталды (ФОТО)

Бүгін «Дәулет» спорт  кешенінде Қазақстан Респуликасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін Самбодан Әлем Кубогы кезеңінің алғашқы жарыс күні өтті. Турнир 8 шілдеге дейін жалғасады.

Жарысқа 20 елден келген 200-ден астам самбошы қатысуда. Жүлделер ерлер арасында 9 салмақ дәрежесінде (-52 кг,  -57 кг, -62 кг, -68 кг, -74 кг, -84 кг, -90 кг, -100 кг ,100 кг-нан астам) , әйелдер арасында да 9 салмақ дәрежесінде (-48 кг, -52 кг, -56 кг, -56 кг, -60 кг, -64 кг, -68 кг, -72 кг, -80 кг, 80 кг-нан астам) және жауынгерлік самбодан 9 салмақ дәрежесінде (-52 кг,  -57 кг, -62 кг, -68 кг, -74 кг, -84 кг, -90 кг, -100 кг ,100 кг-нан астам) сарапқа салынып жатыр.

Турнирді «Kazsport» телеарнасынан 10 шілде күні сағат 20:30-да; 22:50-те және 11 шілде сағат 21:05-те; 23:15-те көрсетіледі. 

 

Бөлісу