Басты Жаңалықтар «Kazsport» телеарнасы «Эль-Класиконы» тікелей эфирде көрсетеді

«Kazsport» телеарнасы «Эль-Класиконы» тікелей эфирде көрсетеді

«Kazsport» телеарнасы «Эль-Класиконы» тікелей эфирде көрсетеді

Желтоқсанның 3-інде футболдан Испания чемпионатының 14-ші туры аясында каталониялық «Барселона»  өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдайды. Бұл матч футбол тарихындағы 193-ші «Эль-Класико» болмақ. 

Бұл екі ұжым - Испания чемпионы атануға негізгі үміткерлер. Дәл қазір Ла Лиганың турнирлік кестесінде «Реал Мадрид» көш бастап тұр. Корольдік клуб 13 турдан кейін 33 ұпайға ие. Ал, «Барселона»  27 ұпайымен 2-ші орында келе жатыр. 

Соңғы рет екі клуб 2 сәуір каталониялық команданың «Камп Ноу» стадионында кездесіп, Зиданның шәкірттері 1:2 есебімен басым түскен болатын.

Аталған матчты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция басталуы 21:10-теСондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Екі футбол алыптарының айқасын өткізіп алмаңыздар!

Бөлісу