Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының жартылай финалына өтті
Бүгін бокстан Рио Олимпиадасында қазақстандық былғары қолғап шебері Әділбек Ниязымбетов азербайжандық Теймур Маммадовмен кездесті. Нәтижесінде жерлесіміз айқын жеңіске жетті.
Ширекфиналдық жекпе-жекте Ниязымбетов Азербайжан спортшысын 3:0 (30-27, 30-27, 30-27) есебімен ұтты.
Бірінші раундты сенімді жеңген Ниязымбетов екінші раундта да қарсыласынан басым болды. Жекпе-жектің шешуші раундында да азербайжандық боксшы Ниязымбетовке аса қатты қарсылық көрсете алмады.
Енді қазақстандық боксшы 17 тамыз күні ұлыбританиялық Джошуа Буатсимен финал жолдамасын сарапқа салады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05