Ольга Рыпакова Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды (ВИДЕО)
Әйелдер арасында үш қарғып секіруден ақтық сында өнер көрсеткен қазақстандық Ольга Рыпакова XXXI Жазғы ойындардың қола жүлдегері атанды. Оның көрсеткіші - 14,74 метр.
Алғашқы мүмкіндігінде 14,73 метрге қарғыған отандасымыз бірден көш бастады. Алайда, екінші мүмкіндікте колумбиялық Катерина Ибаргуен 15,03 метрге қарғып, алға шықса, артынша 14,87 метр көрсеткішімен венесуэлалық Юлимар Рохас жерлесімізді үшінші орынға ысырды.
Өз кезегінде 15,17 метрге қарғыған колумбиялық спортшы Катерина Ибаргуен Рио Олимпиадасының чемпионы атанса, венесуэлалық Юлимар Рохас күміс медальді еншіледі (14,98).
Естеріңізге сала кетейік, бұл - Қазақстан қоржынына түскен 8 медаль. Бұған дейін Нижат Рахимов және Дмитрий Баландин алтын медаль, Елдос Сметов пен Жазира Жаппарқұл күміс, ал, Галбадрах Отгонцэцэг, Фархад Харки және Карина Горичева қола жүлде иеленген еді. Енді Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 4 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 16-орынға табан тіреді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері
08.05.2026, 19:00
Grand Slam: Талғат Орынбасар алтын медальға таласады
08.05.2026, 15:15
Еуропа лигасы және Конференция лигасы: финалистер анықталды
08.05.2026, 09:00
ПСЖ Чемпиондар лигасының финалына шықты
07.05.2026, 09:25
Талдықорғанда жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды
06.05.2026, 14:46
«Бавария» – «ПСЖ»: Tікелей эфир!
06.05.2026, 13:00
Хоккейден ӘЧ: Қазақстан қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді
06.05.2026, 11:00
«Арсенал» финалға шықты
06.05.2026, 09:00