АҚШ спортшылары олимпиадалық жүлделеріне салық төлейтін болды

Рио Олимпиадасында жеңіске жеткен және жүлде алған спортшыларға АҚШ-тың Олимпиада комитеті қомақты қаржы төлемек. Сонымен қатар, спортшылар алған жүлдері үшін салық төлейді, деп жазды бүгін MarketWatch. Бейсенбі күнгі мәліметтер бойынша, Америка құрамасы Олимпиаданың жалпы медальдар кестесінде көш бастап тұр. Нақтырақ айтқанда, америкалық спортшылар барлығы 93 медаль алды. Олардың 30-ы алтын, 32-сі күміс, 31-і қола медаль. «Алтын» үшін олимпиадашыларға 25 мың, «күміс» үшін 15 мың, «қола» үшін 10 мың доллар төленеді. АҚШ-тың салық органдарының сөздерінше, аталған медальдарға салық салынады. АҚШ-та салық салудың арнайы ережесі бар. Яғни, табысы неғұрлым көп азаматтар салықты да көп төлейді. Онда кіріс мөлшеріне байланысты салықтың 7 дәрежесі бар және салық ставкасы 10-нан 39,6 пайызға дейін жетеді. Жалпы алғанда, АҚШ спортшыларының табыстары аса үлкен емес. Алайда, олардың арасында демеушілермен келісімшарт негізінде көп табыс табатын спортшылар да бар. Мысалы, гимнаст Александра Райсман Ralph Lauren және Reebok пен Pandora зергерлік компаниясымен бірден бірнеше келісімшарт жасаған. Рио Олимпиадасында ол бір алтын, екі күміс медаль жеңіп алып, 55 мың доллар табыс тапты. Оның 21,8 мыңы салыққа төленуі мүмкін.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Лионель Месси – «Интер Майами» тарихындағы ең үздік бомбардир
Ливерпуль Вирц үшін 135 миллион еуро ұсынды: Байер бағада нық тұр
Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінде ширек финалға жолдама алды
УЕФА Чемпиондар лигасының маусымы өз мәресіне жетті
Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар құрамы белгілі болды
Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Елназ Калиахмет пен Қазыбек Нөгербек 2025 жылғы Қазақстан чемпиондары атанды
Ташкентте үстел теннисінен өткен турнирде Қазақстан құрамасы 7 жүлдеге ие болды
Қазақстандық каратешілер Grand Winner сыйлығына ие болды
Бокс: Thailand Open турнирінен Қазақстан құрамасы 5 алтын иеленді
Осман Дембеле осы маусымда Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы болып танылды
Луис Энрике Чемпиондар Лигасындағы «ПСЖ»-мен бірге жеткен жеңісін қызы Ксанаға арнады
ПСЖ – Интер | Футбол | УЕФА Чемпиондар Лигасы | Финал | Шолу
ПСЖ тарихта тұңғыш рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды
Елизавета Матвеева — Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Нора Джеруто Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Джеки Чан ресми түрде каратеден қара белбеу иегері атанды
Ресми: Трент Александер-Арнольд «Реал Мадрид» ойыншысы атанды
Жания Бекмұхамбетова халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды
Криштиану Роналду «Аль-Хиляль» немесе «Аль-Ахли» клубтарына ауысу туралы ұсыныс алды