Рио Олимпиадасына қатысқан қазақстандық зілтеміршілер Алматыға оралды (ФОТО)
Бүгін түнгі сағат 03:30-да Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан XXXI Жазғы Олимпиадасынан ауыр атлетикадан Қазақстанның ұлттық құрамасының өкілдері Алматыға оралды.
Алматының халықаралық әуежайының алдында зілтемір көтеруден 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Рио Олимпиадасының чемпионы 23 жастағы Нижат Рахимовты, күміс жүлдегер 22 жастағы Жазира Жаппарқұлды (69 келіге дейінгі салмақ), қола жүлдегерлер: 23 жастағы Карина Горичева (63 келіге дейінгі салмақ) мен 25 жастағы Фархад Харкиді (62 келіге дейінгі салмақ), сондай-ақ, бесінші орын алған 24 жастағы Маргарита Елисеева (48 келі) мен 4-ші орын алған 24 жастағы Чонтей Арлиді (56 келі) спорт саласындағы ұйымдардың өкілдері, зілтеміршілердің туған-туыстары, туған өңірінен келген делегациялар, жас спортшылар, қала тұрғындары - барлығы 300-ден астам адам зор қуанышпен қарсы алды.
«Маған Олимпиада барысында қызу қолдау көрсеткендеріңізге шын жүректен алғысымды білдіремін. Бұл тек менің ғана жеңісім емес. Бұл - бүкіл Қазақстанның жеңісі! Менің Олимпиадада табысты өнер көрсетуіме үлес қосқан жаттықтырушыма, әкеме, басқа да азаматтарға шын жүректен алғысымды білдіремін. Мен бұл айтулы додаға тыңғылықты дайындалдым. Жеңіске жеткеніме бақыттымын! Мен үшін Қазақстан атынан өнер көрсетіп, ел намысын қорғау - аса үлкен мәртебе», - деді Н. Рахимов.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05