Басты Жаңалықтар Конфедерация кубогі -2018. Жеңімпаздар анықталды

Конфедерация кубогі -2018. Жеңімпаздар анықталды

Конфедерация кубогі -2018. Жеңімпаздар анықталды

Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлеріне 2018 жылғы Конфедерация кубогі аяқталды.


Турнирде еліміздің барлық аймағынан спорттың дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, қазақ күресі, таеквондо және бокс түрлері бойынша 200-ден аса спортшы бақ сынады. Оқ бойы озып шыққан командаға бас жүлде чемпиондық кубок пен 25 000 000 теңге ақшалай сыйақы беріледі. 


Финалдық бәсекелердің қорытындысы: 

Дзюдодан ақтық сында Атырау облысы мен Қарағанды облысының дзюдошылары жолыққан болатын. Шешуші сында 4:2 есебімен Атырау облысы жеңіске жетті. 

Еркін күрестен финалдық сында Астана қаласы мен ШҚО балуандары кездесіп, шығыс спортшылары 4:2 есебімен жеңіске жетті. 

Грек-рим күресінен Конфедерация кубогінің жеңімпазы болып Алматы облысының құрамасы атанды. Олар финалда Алматы қаласының құрамасымен шығып, 4:2 есебімен басым түсті.

Қазақ күресінен финалда Қарағанды облысы мен Алматы қаласының балуандары кездесіп, қарағандылық команда 5:3 есебімен жеңіске жетті. 

Бокстан финалдық бәсекеде Түркістан облысы мен Маңғыстау облысы кездескен болатын. Өте тартысты өткен кездесуде 5:4 есебімен Маңғыстау облысы жеңіске жетті. 

Таеквондошылар финалында Түркістан облысы мен Алматы қаласының спортшылары кездесіп 82:42 есебімен алматылық спортышлар бас түсті. 


Фото: olympickz

Бөлісу