Басты Жаңалықтар "Аль-Айн" мен "Реал Мадрид" клубтар арасындағы ӘЧ финалында ойнайды

"Аль-Айн" мен "Реал Мадрид" клубтар арасындағы ӘЧ финалында ойнайды

"Аль-Айн" мен "Реал Мадрид" клубтар арасындағы ӘЧ финалында ойнайды

Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының жартылай финалында мадридтік "Реал" жапониялық "Касима Антлерс" командасынан басым түсті. Абу-Дабидің «Шейх Зайед» стадионында өткен матч 3:1 есебімен Сантьяго Солари шәкірттерінің жеңісімен аяқталды.

"Реал Мадрид" шабуылшысы Гарет Бэйл ойында хет-трик авторы атанды. Ол 44-ші, 53-ші және 55-ші минуттарда қарсылас қақпасынан саңылау таба білді. Ал "Касима" сапынан Сема Дои 78-ші минутта есеп айырмасын қысқарата білді.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы жартылай финалда аргентиналық "Ривер Плэйт" жергілікті "Аль-Айн" клубына пенальти сериясында есе жіберген еді.

Осылайша, 2018 жылғы клубтар арасындағы Әлем чемпионатының финалында Біріккен Араб Әмірліктерінің командасы "Аль-Айн" мен испаниялық "Реал Мадрид" кездеседі. Ойын 22 желтоқсан күні сағат 22:25-те "QAZSPORT" арнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.


Фото: as.com

Бөлісу