Михал Билек - футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері болып 53 жастағы чех маманы Михал Билек тағайындалды.
Михал Билек 1965 жылы 13 сәуірде дүниеге келген. Футболшы кезінде Чехословакия және Чехия құрамаларының жартылай қорғаушысы болған. Жаттықтырушы қызметін чехиялық «Теплице» клубында бастады. Сонымен қатар, «Картахинес» (Коста-Рика), «Хмел», «Виктория Плзень», «Спарта Прага», «Высочина» (барлығы - Чехия), «Ружомберок» («Словакия»), «Динамо Тбилиси» (Грузия) футбол клубтарын жаттықтырды. Соңғы жұмыс орны - чехиялық «Фастав Злин» командасы.
Михал Билектің жаттықтырушылар штабына енгендер: көмекшілері - словакиялық Михал Хипп және Талғат Байсуфинов, қақпашылардың жаттықтырушысы - Николай Родионов.
Бапкердің жетістіктері:
- Чехия чемпионы, «Спарта Прага» ФК (2006/2007);
- Чехия Кубогының иегері, «Спарта Прага» ФК (2006/2007);
- 19 жасқа дейінгі Еуропа Чемпионатының қола жүлдегері, Чехия U19 құрамасы (2003);
- 2012 жылғы Еуропа Чемпионатының ширек финалы, Чехия ұлттық құрамасының бас бапкері.
kff.kz