Қысқы Универсиада-2019. Қазақстан құрамасы 17-і орынға тұрақтады

Қазақстанның студенттер құрамасы Ресейдің Красноярск қаласында өткен ХХІХ Қысқы Универсиада ойындарыөз мәресіне жетті.

Соңғы жарыс күнінде шаңғымен 30 км қашықтыққа сынға түскен Олжас Климин, Константин Борцов, Наиль Башмаков, Никитиа Гридин және Нұркен Асқар бастаған жігіттер жүлдеге іліне алмады. Ең жоғарғы көрсеткішті Олжас Климин көрсетті (6-орын). Сонымен қатар, бүгін ерлер арасындағы Қазақстан хоккей құрамасы жүлдеге бір табан жақын болды. Дегенмен, жартылай финалда словакиялық қарсыластарына есе жіберіп, "қола" үшін кездесуде Канада құрамасына жеңілді. Естеріңізде болса, топтық кезеңде қазақстандық жігіттер "үйеңкі жапырқты" елдің жастарын 4:3 есебімен ұтқан болатын.

Алайда, 2 наурызда алауы тұтанған Универсиада ойындарында ел қоржыны бос қайтпады. Ел спортшылары айтулы бәсекеде 4 күміс және 3 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте 17-ші сатыға тұрақтады. 

Бірінші орында жарыс иелері Ресей (41 алтын, 39 күміс, 32 қола) құрамасы болса, үздік үштікті Оңтүстік Корея (6;4;4) мен Жапония (5;4;4) түйндеді.  

ХХІХ Қысқы Универсиада ойындарында жүлде ұтқан қазақстандық спортшылар:  

Әсет Дүйсенов - күміс, шаңғы жарысы, спринт;  

Шаңғыдан ерлер құрамасы (Әсет Дүйсенов, Олжас Климин, Никита Гридин, Иван Люфт) - күміс, эстафета 4х7,5км;  

Павел Колмаков - күміс, фристайл параллельді могул;  

Элизабет Тұрсынбаева - күміс, мәнерлеп сырғанау;  

Жанбота Алдабергенова - қола, фристайл акробатика;  

Шорт-тректен ерлер құрамасы (Денис Никиша, Нұртілек Қажғали, Еркебұлан Шамұханов, Мерсаид Жақсыбаев) - қола, эстафета 5000м;  

Шорт-тректен қыздар құрамасы (Алия Әмірғалиева, Хадиша Бақытткереева, Яна Хан және Алена Волковицкая) - қола, эстафета 3000м

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Дзюдо
Ерасыл Қажыбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Бақжан Байтас Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медальға ие болды
  • Дзюдо
Абылайхан Жұбаназар - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері
Қазақстандық хоккейшілер Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Есет Қуанов «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге ие болды
Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінде күміс жүлдеге ие болды
Талғат Орынбасар Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды
«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының финалына шықты
Усман Дембеле енді «Алтын допқа» басты үміткер
Бекзат Алмахан мен Брэд Катона жекпе-жегі 11 мамырдағы UFC 315 турнирін ашады
Луис Энрике шәкірттері Чемпиондар Лигасының финалына шықты
«Интер» Чемпиондар лигасының финалына шықты
Әділбек Мусин халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды
Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар Лигасының күміс жүлдегері
Елордада бәйгеден Astana Cup республикалық турнирі өтті
Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына енді
Сауль Альварес Уильям Скаллды жеңіп, абсолютті әлем чемпионы атанды
Ксения Прозорова ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Әбиба Абужақынова Grand Slam турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді