Басты Жаңалықтар Футболдан әйелдер құрамалары арасында FIFA рейтингі жарияланды

Футболдан әйелдер құрамалары арасында FIFA рейтингі жарияланды

Футболдан әйелдер құрамалары арасында FIFA рейтингі жарияланды

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) әйелдер құрамаларының жаңартылған рейтингін жариялады.

Соңғы рейтинг 2018 жылдың 7 желтоқсанында жаңартылған болатын. Төрт айдың қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы бір сатыға сырғып, 72-орынға жайғасты.

Ақпан-наурыз айларында Рәзия Нүркенова шәкірттері бес ойын өткізді - Түрікменстан (6:0), Франция Б (0:3), Иордания (1:1), Солтүстік Ирландия (0:4) және Үндістан (0:0, пенальтилер сериясы 4:3).

2021 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының қарсыластары келесі сатыда - Франция (4-орын), Австрия (23), Сербия (43) және Македония (124).


Әйелдер құрамалары арасында FIFA рейтингі: 

1. АҚШ - 2101

2. Германия - 2072

3. Англия - 2049

4. Франция - 2043

5. Канада - 2006

6. Австралия - 2003

7. Жапония - 1991

8. Голландия - 1967

9. Швеция - 1962

10. Бразилия - 1944

 ...

23. Австрия - 1798

43. Сербия - 1539

72. Қазақстан - 1349

124. Македония - 1059.

Келесі рейтингі 2019 жылдың 12 шілдесі жарияланады.


Дереккөз: Қазақстанның футбол федерациясы

Бөлісу