Тау шаңғысы. Закурдаев пен Григорова медальға таласа алмады
Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында тау шаңғы спортынан Игорь Закурдаев пен Мария Григорова медальға таласа алмады.
Ерлер арасында супер гигант сынында бақ таластырған Закурдаев мәре сызығына 39-шы болып жетсе, әйелдер арасында ел намысын қорғаған отандасымыз Мария Григорова 57-ші орынға табан тіреді.
Аталған додада ерлер арасында алтын және күміс медаль қос норвегиялық шаңғышылар Аксель Лунд Свиндаль мен Хьетиль Янсруд еншісінде болса, швейцариялық Беат Фойц қола жүлдегер атанды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартып, пара жүзуден алтын медаль жеңіп алды
20.10.2026, 17:00
Бексұлтан Құлмырза V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
20.10.2026, 14:00
Даяна Федосова Пара Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
20.10.2026, 14:00
Ардақ Нұрмағамбетов V Пара Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
20.10.2026, 10:30
Қазақстан пара үстел теннисінен Пара Азия ойындарында алғаш рет медаль жеңіп алды
20.10.2026, 10:00
Диас Кенжебек V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
20.10.2026, 09:30
Қазақстан құрамасы Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері
19.10.2026, 22:50
Роман Потапов V Пара Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
19.10.2026, 18:00