Данияр Шамшаев дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері атанды

Астана төрінде өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік турнирінің екінші күнінде 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын Данияр Шамшаев қола жүлде жеңіп алды.

Шешуші кездесуде ол отандасымыз Жансай Смағұловпен күрескен болатын. Тартысты белдесуде Данияр Waza-Ari ұпайымен жеңіске жетті.

Данияр Шамшаевтың бүгінгі жарыс жолына шолу жасайтын болсақ, ол төрт кездесу өткізіп, үшеуінде жеңімпаз атанды. Еуропа Кубогының чемпионы Олин Вальтери (Финляндия), Гранд Слэм чемпионы Джорджи Терашвилиді артта қалдырған ол, тек Махмадбек Махмадбековке (INA) есе жіберді.

Жарыстың екінші күнінде татамиге 63 және 70 келіге дейінгі салмақ дәрежелеріндегі әйелдер және 73, 81 келіге дейінгі салмақтағы ерлер бақ сынады.

Сонымен қатар, екінші жарыс күнінде 23 жастағы Асқар Нарқұлов сенсация жасап, жартылай финалға дейін жетті. Польшалық қарсыласымен өткен белдесуде Асқарға тәжірбие жетіспеді.

Қола жүлде өткен белдесуде грузиялық Георгий Тирашвмили рұқсат етілмеген әдісті жасағаны үшін төрешілердің шешімімен жарыстан шеттетілді. Осылайша, Асқар Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды. 

Жарыс 18 маусымға дейін жалғасады.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Давид Лория Қфф бас хатшысы болып тағайындалды
Шайбалы хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем чемпионатының ІВ дивизионында бақ сынайды
Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды
Зейнолла Ыдырысов Германиядағы турнирде жеңіске жетті
Дмитрий Попко Мексикадағы турнирде топ жарды
Болат Сақаев күміс жүлдегер атанды
Нұрқожа Қайпанов үш дүркін Азия чемпионы атанды
Михаил Шайдоров Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Ризабек Айтмұхан күміс жүлдеге ие болды
Рахат Қалжан Азия чемпионатында еркін күрестен қола медальға ие болды
Софья Самоделкина қысқы Олимпиада ойындарының лицензиясына ие болды
Жәмилә Бақбергенова Азия чемпионатында алтын жүлдегер атанды
Зейнеп Баянова Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Евгений Кошкин конькимен жүгіруден 100 метр қашықтықта Әлемдік рекорд орнатты
ЮНЕСКО Хатшылығына тоғызқұмалақ ойынының тақтасы табысталды
Ербол Мырзабосынов Халықаралық ауыр атлетика федерациясының басшысымен кездесті
Легионерлерді бюджеттен қаржыландыру тоқтайды
Омар Сатаев Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Қазақстан құрамасы жеңіске жетті
Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды