Тұңғыш тайтұяқты он алты жасар мерген атып алды

Жамбы атудан (ат үстінде садақ ату) жасөспірімдер, жастар, ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Көкшетау қаласында өткен ел біріншілігінде тарихи жаңалық орын алды.

 ҚР жамбы ату федерациясы ат үстінде садақ ату өнеріндегі тарихи дәстүрді қайта жаңғыртып, чемпионаттан тыс ат қылына байланған тайтұяқты нысанаға тіккен болатын.

Халықаралық деңгейде ел намысын қорғап жүрген ересек мергендеріміздің өзі мүлт кетіп, тұңғыш тайтұяқтың иесі анықталмай, Федерация тарапынан тағайындалған 300 000 теңге жүлдесімен қоса келесі жарысқа қалады деген болжамдар айтылған болатын.

Ересектерден кейін, жастар арасындағы ел чемпиондары да тайтұяққа жебелерін тигізе алмады.

Жарыстың соңғы күндерінде атқа қонған жасөспірімдерге де мүмкіндік берілді. Бұғанасы қатпаса да, ат үстіндегі бала мергендердің арасынан қарағандылық Нұрасыл Оралхан ат қылына байланған тайтұяққа жебесін дәл тигізіп, тарихи рекорд орнатты.

Тайтұяқтың диаметрі 10*10, салмағы 318 гр, фарфордан құйылған,4 метр биіктікте ат қылына байланған.Мергендер атпен 120 метр қашықтықта шауып өтіпнысананы көздеді.

Сондай-ақ, осыған дейін жамбышылар «қазақ», «түрік», «корей» стильдерінде атып, үш нысананың жиынтығында жеңімпаз анықталатын. Биылғы чемпионатта үш нысана бойынша үш бөлек орындар мен жеңімпаздар анықталып, ұлттық құрама мүшелерінің саны үш есеге артты.

Жамбы атудан ҚР чемпионатының қорытындысы бойынша ересектер арасында Жамбыл облысы, жастар мен жасөспірімдер арасында Түркістан облысыүздік атанды.

Аталған чемпионатты ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті, ҚР ұлттық спорт қауымдастығы, ҚР жамбы ату федерациясы мен Ақмола облысының әкімдігі ұйымдастырды. Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ҚР ұлттық спорт қауымдастығы тағайындаған 3 675 000 теңге жүлде қоры табысталды.

Ат үстіндегі мергендер 27 маусым күні Венгрияның Помаз қаласында өтетін Әлем кубогіне дайындық үстінде. Ел намысын қорғайтын Ералхан Айкөз, Бақдәулет Бабажан, Батыр Бексауыт, Мадияр Шәріпбаев.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Хоккей
Ғалым Мамбеталиев «Барыс» хоккей клубын жаттықтырады
  • Хоккей
Нұрлан Оразбаев «Барыс» хоккей клубының бас директоры болып тағайындалды
Бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама тізімі жарияланды
Күрестен Әлем чемпионатына қатысатын құрам белгілі болды
Шавкат Рахмонов чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді
Үстел теннисінен Азия чемпионатында қазақстандық команда жартылай финалға өте алмады
  • Дзюдо
2027 жылы Қазақстанда дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді
  • Күрес
Грек-рим күресінен әлем чемпонатына баратын спортшылар анықталды
Астанада алғаш рет IBSA пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтеді
Үстел теннисінен ерлер құрамасы Азия чемпионатын сәтті бастады
Елордада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды
Әмір Омарханов China Open турнирінің жеңімпазы атанды
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Денис Теннің Мемориалында жеңіске жетті
Шолу | Аргентина – Франция - 3:2 | Футзал | Әлем чемпионаты 1/2 финал
Қазақстандық жеңіл атлет Францияда жеңімпаз атанды
Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері атанды
Дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды
Қазақстандық шахматшылар әлемдік рейтингте көш бастады
Қазақстан құрамасы Аргентинадан ірі есеппен жеңілді
Стенд атудан Азия кубогында Қазақстандықтар бес алтынға қол жеткізді