Эсмигүл Куюлова және Абылайхан Жұбаназар – Азия Ойындарының қола жүлдегерлері
63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Эсмигүл Куюлова Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Үшінші орын үшін өткен белдесуде қазақстандық спортшы өзбекстандық Севинч Исокованы жеңіп, дзюдо күресінен құрама қоржынына үшінші қола жүлдені салды.
Сондай-ақ 81 келі салмақта өнер көрсеткен Абылайхан Жұбаназар жартылай финалға дейін жетіп, тәжік спортшысына есе жіберді. Қола жүлде үшін күресте өзбекстандық Мусо Собировты жеңіп, ХІХ Жазғы Азия ойындарында қола жүлдені жеңіп алды.
Бұл Қазақстан құрамасының осы Азиададағы дзюдо бойынша төртінші медалі. Кеше 48-ге дейінгі салмақтағы күмісті Абиба Абужақынова жеңіп алды, ал Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды.
Осылайша, дзюдо күресінен алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы бір күміс және төрт қола жүлде жеңіп алды.