Германия Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты
Футболдан Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының екінші тур ойындары басталды. Топтық кезеңнің екінші тур ойындарының алғашқы күнінде А және В топтары ойнады.
Кезекті жарыс күні Хорватия мен Албания командалары арасындағы ойынмен басталып, кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Енді екі құраманың да қоржынында бір-бір ұпайдан бар.
Келесі матч Штутгартта Германия мен Венгрия құрамалары арасында өтіп, алаң иелері 2:0 есебімен сенімді жеңіске қол жеткізді әрі 1/8 финалға жолдама алды. Германия құрамасы сапынан Джамал Мусиала мен Илкай Гюндоган нәтижелі соққылармен көзге түсті.
Ойын күнінің үшінші кездесуі Кельнде Шотландия мен Швейцария құрамалары арасында өтті. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАуыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды
14.10.2026, 17:00
Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатында топ жарды
14.10.2026, 11:00
Шерзод Давлатов әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді
13.10.2026, 18:00
Спорттық гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
13.10.2026, 15:25
Бокстан U19 Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
12.10.2026, 17:10
Қазақстан құрамасы V Азия Пара ойындарына аттанды
12.10.2026, 15:35
Мария Севостьянова Париждегі Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:04
Алан Құрманғалиев Қытайдағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:02