Тарихи жетістік: семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді
Қылышпен семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасы тарихта алғаш рет Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті.
Кувейтте өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында қыздарымыз Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Оңтүстік Кореяны 45:36 есебімен жеңіп, финалға шықты. Ал финалда Қытай командасынан үш ұпай айырмашылығы 42:45 есебімен жеңіліс тапты. Осылайша, семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасы тарихта тұңғыш рет Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды. Бұған дейін құрамамыз тек қола жүлде еншілеп жүрген болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАуыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды
14.10.2026, 17:00
Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатында топ жарды
14.10.2026, 11:00
Шерзод Давлатов әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді
13.10.2026, 18:00
Спорттық гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
13.10.2026, 15:25
Бокстан U19 Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
12.10.2026, 17:10
Қазақстан құрамасы V Азия Пара ойындарына аттанды
12.10.2026, 15:35
Мария Севостьянова Париждегі Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:04
Алан Құрманғалиев Қытайдағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:02