Семсерлесуден Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар анықталды

Парижде басталатын жазғы Олимпиада ойындарында шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасы өнер көрсетеді. Бүгін Олимпиадада сынға түсетін спортшылар есімі жарияланды.

Шпагамен семсерлесуден жекелей сында Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов және Вадим Шарлаимов сынға түседі. Жарыс ережесі бойынша, жекелей сында әрбір мемлекеттен ең көп дегенде үш спортшы ғана бақ сынай алады.

Ал Ерлік Сертай жекелей сынға қатыспайды. Ол командалық жарыста ұлттық құрамаға көмекке келіп, Париж Олимпиадасының жүлдесіне таласпақ. Командалық жарыста Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай сынға түседі.

Олимпиада алдындағы соңғы жаттығу жиынын шпагашылар Испанияда өткізбек.

Айта кетелік, шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша Олимпиада жолдамасын иеленді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
  • Теннис
Юлия Путинцева Уимблдон турнирінде сенсация жасады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Еуропа Чемпионатының жартылай финалына шыққан құрамалар белгілі болды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Англия құрамасы Еуропа Чемпионатының жартылай финалында
  • Жаңалықтар
Канада Copa America турнирінің жартылай финалына шықты
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Франция Еуропа Чемпионатының екінші жартылай финалисі атанды
  • Жаңалықтар
Тони Кроос спорттық мансабын аяқтады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Испания құрамасы Еуропа Чемпионатының жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Нұрбек Оралбайдың Олимпиада ойындарындағы басты қарсыластары кімдер?
  • Жаңалықтар
  • Теннис
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Аргентина Copa America турнирінің жартылай финалына шықты
  • Жаңалықтар
Евгений Федоров пен Алексей Луценко Париж Олимпиадасына қатысады
  • Жаңалықтар
Александр Бублик «Үлкен Дулыға» турнирінің үшінші айналымына шықты
  • Жаңалықтар
  • Теннис
Теннистен Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
  • Жаңалықтар
Семсерлесуден Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар анықталды
  • Жаңалықтар
  • Велоспорт
Марк Кавендиш Тур де Франс веложарысының бесінші кезеңінде жеңімпаз атанды
  • Жаңалықтар
Қазақстандық 3 шахматшы жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында жеңіске жетті
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Түркия 16 жылда алғаш рет ширек финалға шықты
  • Жаңалықтар
  • Теннис
Елена Рыбакина Уимблдон турниріндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді
  • Жаңалықтар
Олимпиадалық іріктеу: Қазақстан құрамасының матчтар кестесі белгілі болды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Александр Бублик Уимблдон турнирін сәтті бастады