Нұрбек Оралбай Олимпиада ойындарының жартылай финалына жолдама алды
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды. Оның еншісінде кем дегенде қола медаль бар.
80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек ширек финалда әзербайжандық Мурад Аллахбердиевпен кездескен болатын.
Тартысты өткен жекпе-жек 5:0 есебімен қазақстандық боксшының пайдасына аяқталды. Осылайша, Нұрбек Оралбай Қазақстан құрамасынан жартылай финалға шыққан алғашқы боксшы атанды.
Айта кетейік, бұған дейін Асланбек Шымбергенов (71 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Айбек Оралбай (92 келі) және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі) жарысты аяқтаған болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді
25.08.2026, 14:50
Қазақстан құрамасы Таиландқа есе жіберді
25.08.2026, 10:50
Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте үздік үштікке енді
24.08.2026, 17:30
Қазақстан таеквондодан әйелдер арасындағы ашық әлем чемпионатына қатысады
24.08.2026, 15:10
Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды жастар арасындағы әлем чемпионатында табысты өнер көрсетуімен құттықтады
24.08.2026, 14:55
Қазақстан күрес түрлерінен U20 әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады
24.08.2026, 13:00
Аюб Буадди «Манчестер Сити» ойыншысы атанады
24.08.2026, 11:10
Қазақстан құрамасы дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды
24.08.2026, 09:30