Париж – 2024: Паралимпиада ойындары қашан және қайда өтеді?

Францияның Париж қаласында ұйымдастырылған жазғы Паралимпиада ойындары ел астанасында алғаш рет өткізілмек. Бұған дейін Париж ешқашан Паралимпиада ойындарын қабылдамаған. Сондықтан айтулы оқиға қала тұрғындары үшін ерекше әрі тарихи маңызға ие болмақ. Бұл сынға әлемнің түкпір-түкпірінен 167 - ге жуық мемлекет қатысады. Осы елдерден шамамен 4400-дей спортшы бақ сынасып, өзара кім мықтыны анықтайтын болады. Оның ішінде Қазақстан атынан 44 спортшы бар.

 2024 жылдың 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтетін XVII Паралимпиада ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 9 түрінен 33 жолдама еншілеген болатын. Төртжылдықтың басты додасында барлығы 22 спорттан 549 медаль жиынтығы сарапқа салынса, биыл еліміз рекордтық лицензияға қол жеткізді. Себебі, 1996 жылдан бері Паралимпиада ойындарына Қазақстан тарапынан Атланта -1996 жарыстарына 12 спортшы, 2000 жылы Сиднейде 2 спортшы, 2004 жылы Афины қаласында 8 спортшы, 2008 жылы Пекинде 3 спортшы, 2012 жылы Лондонда 7 спортшы, 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында 11 спортшы және 2021 жылы Токиода 27 спортшы қатысып келді. Ал осы жылы паралимпиадашылар қатары едәуір өсіп, ел тарихындағы жаңа рекордтық көрсеткішті орнатты. Одан бөлек, биыл жазғы ойындарда алғаш рет ел намысын пара үстел теннисінен Али Махулбеков қорғайтын болады. Сондай-ақ, Паралимпиада ойындарын 1996 жылы бастаған волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама мүшелері араға 28 жыл салып жазғы ойындарға қайта оралды.

Ашылу салтанаты

Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты ресми түрде 28 тамыз күні өтеді. Аталмыш доданың шымылдығы Париждың жүрегі саналатын әйгілі Champs-Élysées бульвары мен Place de la Concorde алаңында ашылады. Бұл орындар Францияның тарихы мен мәдениетінің символы ретінде, Паралимпиада ойындарына қатысушыларды және қонақтарды қарсы алуға арнайы таңдалған. Франция төрінде туымызды волейболды отырып ойнау спортынан ұлттық құрама мүшесі Берік Ізмағанбетов пен пара оқ атудан Севда Алиева алып шығады. Жұлдызды ойын ашылу салтанатынан кейін, яғни 29 тамыз күні басталады.

Ойын нысандары

Олимпиадалық нысандардың басым бөлігі Паралимпиада ойындары үшін де қолданысқа беріледі. Қазақстан ұлттық құрамасы жазғы ойындарда 9 спорт түрінен 9 нысан бойынша өнер көрсетеді. Жарыс алаңдары спортшылардың мүмкіндігіне қарай паралимпиадалық қалашыққа жақын орналасқан. Тек пара оқ ату мемлекет астанасынан тыс жерде 2 сағаттық жолды қамтитын, Шотару қаласында өтеді. Атап айтсақ:

29, 30, 31 тамыз - Пара таэквондо - Grand Palais,

29, 31, 2, 5, 6 қыркүйек - Волейболды отырып ойнау - North Paris Arena

30, 31, 4, 5 қыркүйек - Пара жеңіл атлетика - Stade de France

31, 1, 4, қыркүйек - Пара оқ ату - Chateauroux Shooting Centre

1, 3, 4, 5, 6 қыркүйек - Пара жүзу - Paris La Defense Arena

1, 2, 4, 6,7 қыркүйек - Пара үстел теннисі - Suth Paris Arena

5, 7 қыркүйек - Пара паэурлифтинг -Porte de La Chapelle Arena

5,6, 7 қыркүйек - Пара дзюдо Champ - de Mars Arena

6, 7 қыркүйек - Пара каноэ Vaires-sur- Marne-Nautical Stadium

Аталмыш бәсекені Қазақстан аумағында көрсету құқығын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары иеленді. XVIІ Жазғы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінде 28 тамыз күні 23.00-де көрсетіледі.

Айта кетейік, Париж-2024 Паралимпиада ойындарына аймақтар бойынша сегіз лицензиясымен Атырау облысы бірінші орында көш бастаса, Астана қаласы 5 лицензиямен екінші орында тұр. Ал, Жамбыл облысы 4 лицензиямен үшінші орынға тұрақтады. Жалпы алғанда Қазақстан тоғыз спорт түрінен: пара таэквондо, пара жеңіл атлетика, пара оқ ату, пара жүзу, пара үстел теннисі, пара паэурлифтинг, пара дзюдо, пара каноэ, волейболды отырып ойнаудан қатысады.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Давид Лория Қфф бас хатшысы болып тағайындалды
Шайбалы хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем чемпионатының ІВ дивизионында бақ сынайды
Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды
Зейнолла Ыдырысов Германиядағы турнирде жеңіске жетті
Дмитрий Попко Мексикадағы турнирде топ жарды
Болат Сақаев күміс жүлдегер атанды
Нұрқожа Қайпанов үш дүркін Азия чемпионы атанды
Михаил Шайдоров Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Ризабек Айтмұхан күміс жүлдеге ие болды
Рахат Қалжан Азия чемпионатында еркін күрестен қола медальға ие болды
Софья Самоделкина қысқы Олимпиада ойындарының лицензиясына ие болды
Жәмилә Бақбергенова Азия чемпионатында алтын жүлдегер атанды
Зейнеп Баянова Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Евгений Кошкин конькимен жүгіруден 100 метр қашықтықта Әлемдік рекорд орнатты
ЮНЕСКО Хатшылығына тоғызқұмалақ ойынының тақтасы табысталды
Ербол Мырзабосынов Халықаралық ауыр атлетика федерациясының басшысымен кездесті
Легионерлерді бюджеттен қаржыландыру тоқтайды
Омар Сатаев Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Қазақстан құрамасы жеңіске жетті
Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды