Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бесінші жарыс күнін

Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бесінші жарыс күнін табысты аяқтады. Ұлттық құраманың еншісінде 85 медаль, оның 33і алтын. Бүгін 6 алтын, 7 күміс, 3 қола алды. 

 Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды. Ал көк бөрүден Қазақстан командасы Қырғызстан құрамасына 4:10 есебімен есе жіберіп, күміс жүлде алды.

 Этноауылда теңге ілуден өткен жарыста Бекнұр Серіков – бес белес сайысынан, ал Рахат Қамбаров қос құлаш сайысынан алтын жүлде алды.

 Этноауылда құсбегіліктен іріктеу және жартылай финалдық сын өтті. Ұлттық құрама спортшылары бүркіт, қаршыға және сұңқар салудан финалға шықты.

 «Арғымақ» ат-спорт кешенінде өткен дәстүрлі садақ атудан жарыс өз мәресіне жетті. Командалық сайыста Қазақстан құрамасы Аустралиядан келген садақшылардан 2:3 есебімен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды. Садақшылар Көшпенділер ойындарын бір алтын, екі күміс, бес қола жүлдемен аяқтады.

 Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында татар халқының көне ұлттық белбеу күресі көрәштен ерлер арасында төрт салмақ дәрежесі бойынша жарыс өтті. Біржан Шаймерденов (90 келі) алтын жүлде алса, Әділет Шалғынбекұлы (64 келі) мен Нұрдәулет Жарылғапов (+100 келі) күміс жүлдеге ие болды. Бекнұр Бектай (75 келі) қола жүлде алды.

 «Алау» мұз сарайында түрік халқының ұлттық күресі ашыртмалы аба гюрешінен бес салмақ дәрежесі бойынша жарыс өтті. Қазақстандық үш бірдей спортшы күміс жүлдеге ие болды. Олар Ернұр Сүлеймен (60 келі), Әділет Ахметғали (70 келі), Айдос Ғалымов (90 келі).

 «Алау» мұз сарайында қырғыз халқының ұлттық ойыны ордодан Қазақстан құрамасы финалға шықты. Ақтық бәсеке 13 қыркүйек күні өтеді.

 «Думан» қонақ үй және спорт кешенінде Батыс Африка халықтарының зияткерлік ойыны овариден өткен жарыста Әсел Далиева алтын жүлде алса, Аңсаған Қожанәсіп қола жүлде иеленді.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы жеңіске жетті
Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Шамиль Ожаев грек-рим күресінен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды
Мемлекет басшысы Кирилл Герасименконы абсолютті чемпион атағымен құттықтады
Жастарымыз Литваны ойсырата жеңді
Ақмарал Науатбек Тбилисиде өткен пара дзюдодан Әлем кубогының кезеңін жеңіп алды
«Семей» футзал клубы ел кубогын жеңіп алды
Уэльске есе жібердік
Спорттық гимнастика: Нариман Құрбанов Түркияда алтын медальға ие болды
Қазақстан ӘЧ іріктеу кезеңінің Уэльс құрамасына қарсы ойын алдында баспасөз өткізді
Анастасия Городко Әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Халықаралық Олимпиадалық комитетінің жаңа президенті сайланды
Қазақстан бокс федерациясы қыздарға қомақты сыйақы беретін болды
Евгений Кошкин конькимен жүгіруден Нидерландтың Леуварден қаласында өткен ірі турнирде алтын медаль жеңді
Ресми: Бокс 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді
Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
Максим Самородовтың бағасы қымбаттады
Александр Бублик Майами мастерс турнирінің келесі кезеңіне өтті
Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Кюрасаомен кездеседі