Үстел теннисінен ерлер құрамасы Азия чемпионатын сәтті бастады
Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Қазақстанның ерлер құрамасы екі кездесу өткізді. Бірінші кезекте отандастарымыз КХДР құрамасын 3:2 есебімен жеңді. Екінші ойында Пәкістан құрамасын 3-0 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті. Бұл нәтижелер ұлттық құрамамызға топта бірінші орын алуға және турнирдің сегіздік финалына шығу үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік берді.
Қазақстан - КХДР 3:2.
Кирилл Герасименко - Хэм Ю Сон 3:2
Алан Құрманғалиев - РИ Чон Сик 2:3
Айдос Кенжеғұлов - Ким Сон Иль 1:3
Кирилл Герасименко - РИ Чон Сик 3:0
Алан Құрманғалиев - Хэм Ю Сон 3:2.
Қазақстан бұған дейін Пәкістанды 3:0 есебімен таза жеңді.
Финалдық сегіздікке кіру үшін Қазақстан бүгін, 8 қазанда Таиланд-Сауд Арабиясы жұбының жеңімпазымен сайысқа түседі.
Әйелдер
Қазақстан - КХДР 0:3
Қазақстан - Моңғолия 3:1.
8 қазанда 11 және 14 орындар үшін матчтар болады.
Қазақстан – Өзбекстан
Малайзия – Иран.