Криштиану Роналду «Әл-Хиләлге» ауысуы мүмкін

«Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду мансабын Сауд Арабиясының тағы бір клубында жалғастыруы мүмкін. Бұл жөнінде франциялық Footmercato басылымы хабарлады.

40 жастағы шабуылшыға «Әл-Хиләл» қызығушылық танытып отыр. Клуб еуропалық жұлдызды қыста жарақатына байланысты қатардан шыққан бразилиялық Неймардың орнын басатын супержоба ретінде қарастыруда.

Роналдудың Әл-Наср клубымен келісімшарты 2024/25 маусымының соңына дейін жарамды. Бұған дейін БАҚ беттерінде тараптар жаңа шарттар бойынша келісімге келгені жөнінде ақпарат тараған. Жаңа келісімшартқа сәйкес, Роналду клубтың 5 пайыз үлесіне ие болуы мүмкін.

Алайда, 11 мамыр күні испаниялық Marca басылымы «Әл-Наср» клубы Роналдумен келісімшартты ұзарту жөніндегі келіссөздерді уақытша тоқтатқанын хабарлады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Загребте өтетін әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар анықталды
Жәнібек Абу-Бәкір XII Дүниежүзілік ойындарында Қазақстанға алғашқы алтын жүлдені сыйлады
Қос қазақстандық балуан Германияда өткен Гран-при турнирінің чемпионы атанды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Asian Figure Skating Youth Camp лагеріне қатысады
Елена Рыбакина Монреаль турнирінің финалына шыға алмады
Қазақстандық спортшылар The World Games – 2025 жарысына қатысады
Ролан Гаррос: қазақстандық жас теннисшілер ширек финалға өтті
Қазақстандық теннисші Иван Пономарев ITF турнирінде алғашқы титулын жеңіп алды
Қысқы Азия ойындарында үздік нәтиже көрсеткен спортшыларға қаржылай сыйақы берілді
Алматыда Ғұсман Қосанов мемориалы аясында халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтті
Эльмира Сыздықова халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болды
Астанада қазақ күресінен алғаш рет CISM Әлем чемпионаты өтеді
World Boxing: Таиландта бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы гандболдан әлем чемпионатына жолдама алды
Мадхия Усманова әйелдер күресінен Әлем чемпионы атанды
Алматыда жасөспірімдер арасында Ролан Гарросқа іріктеу турнирі өтеді
Қазақстандық балуан әлем чемпионы атанды
Астанада таеквондодан халықаралық турнир өтеді
Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды