Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінде ширек финалға жолдама алды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 17-орында тұрған Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық теннисші сербиялық серіктесі Александра Круничпен бірге үшінші айналымда америкалық Айша Мухаммад пен нидерландылық Деми Схурс жұбымен кездесіп, сенімді жеңіске жетті. Жарыстың бесінші нөмірлі жұбы саналатын қарсыластарын Данилина мен Крунич алғашқы сетте 6:4 есебімен, ал екінші сетте 6:0 нәтижесімен ұтты.
⏱️ Матч бір сағат 13 минутқа созылды. Осы аралықта қазақстандық-сербиялық дуэт 14 брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланды. Ал қарсыластар бір эйс жасап, бір ғана брейкпен шектелді.
📌 Енді Данилина мен Крунич турнирдің бірінші нөмірлі жұбы – чехиялық Катержина Синякова мен америкалық Тэйлор Таунсендке қарсы жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.