Лионель Месси – «Интер Майами» тарихындағы ең үздік бомбардир
"Интер Майами" шабуылшысы Лионель Месси АҚШ-тың МЛС чемпионатында “Коламбус Крю” командасына қарсы өткен (5:1) матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.
Осы нәтиже арқылы Месси “Интер Майами” клубының МЛС тарихындағы ең көп гол соққан ойыншысы атанды.
37 жастағы Месси клуб сапында 2023 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді. Рекордты жаңарту үшін оған жалпы 38 ойын қажет болды.
Сонымен қатар, Месси аргентиналық футболшылар арасында ең көп матч өткізген рекорд иесіне айналды. «Коламбус Крю» командасына қарсы ойыны ол үшін мансабындағы 1103 - матч болды.
Осылайша, Месси бұрынғы рекордшы, миландық «Интер» командасының аңыз капитаны Хавьер Дзанеттидің көрсеткішін жаңартты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан U19 Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
12.10.2026, 17:10
Қазақстан құрамасы V Азия Пара ойындарына аттанды
12.10.2026, 15:35
Мария Севостьянова Париждегі Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:04
Алан Құрманғалиев Қытайдағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:02
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына қосылды
09.10.2026, 15:50
Денис Тен мемориалы: Софья Самоделкина үздік үштікке енді
09.10.2026, 11:30
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
08.10.2026, 15:00
Аичи-Нагоя: V Азия Пара ойындарына 10 күн қалды
08.10.2026, 11:00