Айдар Арапов дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Ордос (Қытай) қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы (90 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесі) қола жүлде иегері атанды.
Үшінші орын үшін өткен белдесуде Айдар Арапов Қырғызстан өкілі Эрлан Шеровты жеңді.
23 жастағы Айдар Арапов үшін бұл Азия чемпионатындағы алғашқы жүлде болды. Спортшы осы жетістікпен Қазақстан құрамасының медальдық қоржынын тағы бір жүлдемен толықтырды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде төрт жүлде бар. Бұған дейін Әділет Алмат (81 кг-ға дейін) алтын медаль жеңіп алған. Ал Эсмигүл Куюлова (63 кг-ға дейін) мен Абылайхан Жұбаназар (81 кг-ға дейін) қола жүлдегер атанған еді.
Азия чемпионаты 16–19 сәуір аралығында Ордос қаласының спорттық кешенінде өтіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан U19 Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
12.10.2026, 17:10
Қазақстан құрамасы V Азия Пара ойындарына аттанды
12.10.2026, 15:35
Мария Севостьянова Париждегі Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:04
Алан Құрманғалиев Қытайдағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:02
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына қосылды
09.10.2026, 15:50
Денис Тен мемориалы: Софья Самоделкина үздік үштікке енді
09.10.2026, 11:30
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
08.10.2026, 15:00
Аичи-Нагоя: V Азия Пара ойындарына 10 күн қалды
08.10.2026, 11:00