Аруна Жангельдина дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Қазақстан құрамасының дзюдошысы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық спортшы үшінші орын үшін өткен белдесуде Тайбэй өкілі Ван Цзесимен кездесті. Негізгі уақыт ұпайсыз аяқталды. Кейін қарсыласы үшінші ескерту (шідо) алып, осының нәтижесінде Аруна Жангельдина жеңімпаз атанды.
Осылайша, Аруна Жангельдина Қазақстан құрамасына Азия чемпионатындағы бесінші медальді сыйлады.
Бұған дейін Әділет Алмат (81 кг) алтын медаль жеңіп алған. Ал Эсмигүл Куюлова (63 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг) және Айдар Арапов (90 кг) қола жүлдегер атанған болатын.
Азия чемпионаты 16–19 сәуір аралығында Ордос қаласында өтіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан U19 Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
12.10.2026, 17:10
Қазақстан құрамасы V Азия Пара ойындарына аттанды
12.10.2026, 15:35
Мария Севостьянова Париждегі Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:04
Алан Құрманғалиев Қытайдағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:02
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына қосылды
09.10.2026, 15:50
Денис Тен мемориалы: Софья Самоделкина үздік үштікке енді
09.10.2026, 11:30
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
08.10.2026, 15:00
Аичи-Нагоя: V Азия Пара ойындарына 10 күн қалды
08.10.2026, 11:00