Джиу-джитсу: жағажайдағы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алтын мен қола түсті
Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан жағажайдағы Азия ойындарында джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын және қола медаль салды.
Нұржан Батырбеков турнирдің финалдық кезеңінде Оңтүстік Корея спортшысынан басым түсіп, жағажай Азия ойындарының чемпионы атанды. Белдесу барысында отандасымыз қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Қазақстан құрамасы үшін осы додадағы алғашқы алтын медальді иеленді.
Сондай-ақ, 69 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Әлинұр Қуатұлы жүлдегерлер қатарынан көрінді. Қола медаль үшін өткен шешуші кездесуде отандасымыз Сингапур өкілі Ноа Тянь Рун Лиммен белдесті. Әлинұр қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 50:0 есебімен айқын жеңіске жетіп, турнирдің қола жүлдесін жеңіп алды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы V Азия Пара ойындарына аттанды
12.10.2026, 15:35
Мария Севостьянова Париждегі Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:04
Алан Құрманғалиев Қытайдағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:02
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына қосылды
09.10.2026, 15:50
Денис Тен мемориалы: Софья Самоделкина үздік үштікке енді
09.10.2026, 11:30
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
08.10.2026, 15:00
Аичи-Нагоя: V Азия Пара ойындарына 10 күн қалды
08.10.2026, 11:00
WBO президенті Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
08.10.2026, 10:00