Су добы: Қазақстан Азия ойындарында күміс алды
Әйелдер арасындағы су добы турниріне төрт команда қатысты: Қазақстан, Қытай, Таиланд және Гонконг. Жарыс айналмалы жүйе бойынша өтті, яғни әр құрама бір-бірімен кездесті.
Соңғы турға дейін Қазақстан мен Қытай құрамалары екі жеңіспен бірдей есепте келе жатты. Сондықтан алтын жүлденің тағдыры осы екі команда арасындағы шешуші матчта шешілуі тиіс болды.
Тартысты өткен кездесуде Қытай құрамасы басым түсті. Қытайлық спортшылар үш кезеңде жеңіске жетсе, қазақстандықтар бір кезеңде ғана қарсыласқанынан озып шықты. Қорытынды есеп - 3:1 Қытайдың пайдасына.
Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирде екінші орынды иеленіп, ел қоржынына жағажайдағы Азия ойындарының бесінші күміс жүлдесін салды.
Санья қаласындағы додада Қазақстан намысын Ариадна Затыльникова, Камила Наурызбаева, Таира Мухаева, Яна Смолина, Василиса Антропова, Фатима Маткаримова және Аида Алпысбай қорғады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы