Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында 16 медаль еншіледі
Қытайдың Хэфэй қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден өткен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Құрлықтық дода қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы қоржынына 16 медаль (2 алтын, 5 күміс және 9 қола) түсті.
🥇Алтын
Стелла Суханова – байдарка (бірлік), 1000 м;
Ольга Шмелева – байдарка (бірлік), 200 м.
🥈Күміс
Артем Терещенко / Ольга Шмелева – байдарка (аралас жұп), 500 м;
Ольга Шмелева / Татьяна Токарницкая – байдарка (екілік), 500 м;
Бекарыс Раматулла – байдарка (бірлік), 500 м;
Кирилл Тубаев – байдарка, 5000 м;
Стелла Суханова – байдарка, 5000 м.
🥉Қола
Тимофей Емельянов / Владислав Руденко – байдарка (екілік), 1000 м;
Мария Бровкова – каноэ (бірлік), 500 м және 5000 м;
Виктор Степанов – каноэ (бірлік), 200 м;
Сергей Емельянов / Әлішер Хаетов – каноэ (екілік), 500 м;
Бекарыс Раматулла / Дмитрий Холмогоров – байдарка (екілік), 500 м;
Сергей Емельянов / Руфина Искакова – каноэ (аралас екілік), 500 м;
Стелла Суханова – байдарка (бірлік), 500 м;
Э. Костенко / О. Шмелева / Т. Токарницкая / С. Суханова – байдарка (төрттік), 500 м.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы