Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде тағы үш жүлде еншіледі
Қытайдың Сиань қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медальға қол жеткізді.
Турнирде Виктор Друзин еркін бағдарламада үшінші нәтиже көрсетіп, қола жүлде иеленді. Осылайша, ол жарыстағы екінші медалін алды. Бұған дейін спортшы техникалық бағдарламада да үздік үштіктен көрінген еді.
Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова техникалық бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық жұп жарысты екінші орынмен аяқтады.
Сондай-ақ, осы бағдарламада Айғаным Саим мен Артур Майданов қола медаль жеңіп алды. Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасының қоржынында төрт жүлде бар.
Әлем кубогының кезеңі 3 мамырда мәресіне жетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы V Азия Пара ойындарына аттанды
12.10.2026, 15:35
Мария Севостьянова Париждегі Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:04
Алан Құрманғалиев Қытайдағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:02
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына қосылды
09.10.2026, 15:50
Денис Тен мемориалы: Софья Самоделкина үздік үштікке енді
09.10.2026, 11:30
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
08.10.2026, 15:00
Аичи-Нагоя: V Азия Пара ойындарына 10 күн қалды
08.10.2026, 11:00
WBO президенті Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
08.10.2026, 10:00