Басты Жаңалықтар Қазақстан үстел теннисінен Әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды

Қазақстан үстел теннисінен Әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды

Қазақстан үстел теннисінен Әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды

Ұлыбритания астанасында үстел теннисінен командалық әлем біріншілігі жалғасуда. Қазақстан ерлер құрамасы өз тарихында алғаш рет турнирдің 1/8 финалдық кезеңіне жолдама алды.

Қазақстан мен Испания арасындағы кездесуде ширек финалға шығу жолы сарапқа салынды.

Алан Құрманғалиев Альваро Роблесті 3:1 есебімен жеңіп, есеп ашты.

Команда көшбасшысы Кирилл Герасименко Хуан Пересті 3:1 есебімен жеңіп, құрама басымдығын арттырды.

Испаниялық Даниэль Берзоса Айдос Кенжіғұловтан басым түсіп, жалпы есеп айырмасын қысқартты.

Алайда шешуші матчта Кирилл Герасименко Альваро Роблесті 3:0 есебімен жеңіп, нүкте қойды.

Жалпы есеп 3:1. Енді жерлестеріміз келесі кезеңде Жапония мен Бельгия жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Өкінішке қарай, әйелдер құрамасы үшін жарыс аяқталды. 1/16 финалда қазақстандық теннисшілер Швеция өкілдеріне 1:3 есебімен есе жіберіп, турнирден шығып қалды.


Бөлісу