«Атырау» футбол командасының бас бапкері болып Зоран Вулич тағайындалды
«Атырау» футбол командасының жаңа жаттықтырушысы болып, 55 жастағы Зоран Вулич тағайындалды, деп хабарлады «Атырау» футбол клубының баспасөз қызметі.
Зоран Вулич – қорғаныста өнер көрсеткен әйгілі югославиялық футболшы. Өз заманында Хорватияның «Хайдук», Испанияның «Мальорка», Францияның «Нант» командаларында, сондай-ақ, Югославия және Хорватия ұлттық құрамаларында ойнаған.
Хорватияның «Сплит», «Истра 1961», «Риека», сондай-ақ Ресейдің «Луч-Энергии» сынды командаларының жаттықтырушысы болған. Соңғы рет Молдавияның «Шериф» ұжымын басқарып, 2016 жылы өз еркімен орнынан кеткен.
Айта кетейік, «Атыраудың» бұрынғы бапкері Стойчо Младенов жұмысын «Қайсарда» жалғастыратын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05