Футболдан Қазақстан құрамасы Венгриямен жолдастық кездесу өткізеді
ҚР Футбол федерациясының мәлімдеуінше, екі елдің федерациялары арасында жолдастық кездесу өткізуге байланысты келісімге қол қойылған. Матч 23 наурыз күні Венгрия астанасы Будапештте «Групама Арена» стадионында өтеді.
Қазіргі таңда Венгрия ФИФ рейтингінде 54-орында. 2016 жылғы Еуропа чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, топтан шыққан болатын. Бас бапкері Алжир, Бельгия, сондай-ақ, «Андерлехт», «Брюгге», «Трабзонспор» сынды командаларды жаттықтырған білікті маман – Жорж Лекенс.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін қос команда 2014 жылы жолдастық кездесу өткізіп, Будапешттегі ойында венгриялықтар басым болған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Махамбет Серікқалиев V Пара Азия ойындарының қола жүлдегері
21.10.2026, 09:45
Ислам Сәлімoв V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері
21.10.2026, 09:35
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартып, пара жүзуден алтын медаль жеңіп алды
20.10.2026, 17:00
Бексұлтан Құлмырза V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
20.10.2026, 14:00
Даяна Федосова Пара Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
20.10.2026, 14:00
Ардақ Нұрмағамбетов V Пара Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
20.10.2026, 10:30
Қазақстан пара үстел теннисінен Пара Азия ойындарында алғаш рет медаль жеңіп алды
20.10.2026, 10:00
Диас Кенжебек V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
20.10.2026, 09:30