«Астана» ЧЛ екінші іріктеу кезеңін жеңіспен бастады
Елордалық «Астана» Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу сынының алғашқы ойыны аясында даниялық «Мидтьюлланд» командасын қабылдап, жеңіске жетті.
Ойынды сергек бастаған Роман Григорчук шәкірттері ойынның 32-ші минутында Ласло Кляйнхайслердің алыстан бағыттаған жойқын соққысының көмегімен есепте алға шықты. Алайда, екінші тайм басталысымен даниялық клуб есепті теңестіруге мүмкіндік алды. 51-ші минутта астаналық қорғаушылардың қателігін ұтымды пайдаланған Викхэйм есепті теңестірді.
Жеңіс голын ойынның соңғы сәтіне дейін күтуге тура келді. Төреші қосқан қосымша уақыттың соңғы минутында тағы да Кляйнхайслер қарсылас қақпашысын жойқын соққысымен қапы қалдырды.
Енді елордалық ұжым 1 тамыз күні қарымта кездесу аясында Данияға барады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартып, пара жүзуден алтын медаль жеңіп алды
20.10.2026, 17:00
Бексұлтан Құлмырза V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
20.10.2026, 14:00
Даяна Федосова Пара Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
20.10.2026, 14:00
Ардақ Нұрмағамбетов V Пара Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
20.10.2026, 10:30
Қазақстан пара үстел теннисінен Пара Азия ойындарында алғаш рет медаль жеңіп алды
20.10.2026, 10:00
Диас Кенжебек V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
20.10.2026, 09:30
Қазақстан құрамасы Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері
19.10.2026, 22:50
Роман Потапов V Пара Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
19.10.2026, 18:00