«Астана» азулы қарсыласын тізе бүктірді
Футбол Еуропа лигасының екінші туры аясында «Астана Арена» стадионында кездескен жергілікті «Астана» мен француздық «Ренн» командалары арасындағы ойын елордалықтардың пайдасына шешілді.
Алғашқы таймда қос команда қарсыласын аңдысумен болды. Қауіпті сәттер аз болғанымен алаң ортасындағы допқа талас қызу жүрді.
Екінші таймда Григорий Бабаян шәкірттері ойын тізгінін өз қолдарына алды. Ойынның 64-ші минутында бұрыштамадан асырылған допты ұтымды пайдаланған Бақтиер Зайнутдинов есеп ашты. Ал, соңғы минутта француздық ойыншылардың қателігін ұтымды пайдаланған Марин Томасов қақпашымен бетпе-бет шығып есепті еселеді. Қорытынды есеп 2:0. «Астана» өз тобында көш бастады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан пара үстел теннисінен Пара Азия ойындарында алғаш рет медаль жеңіп алды
20.10.2026, 10:00
Диас Кенжебек V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
20.10.2026, 09:30
Қазақстан құрамасы Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері
19.10.2026, 22:50
Роман Потапов V Пара Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
19.10.2026, 18:00
Еламан Жоламан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
19.10.2026, 18:00
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы күміс және қола медаль жеңіп алды
19.10.2026, 16:00
Қазақстандық спортшылар пара пауэрлифтингтен екі медаль жеңіп алды
19.10.2026, 15:30
Ибрагим Нұрмаханұлы V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
19.10.2026, 15:00