«Реал Мадрид» клубы бас бапкерімен қош айтысты
Мадридтік «Реал» футбол клубы бас бапкері Хулен Лопотегиді қызметінен босатты. Бұл туралы испандық клубтың басшылығы мәлімдеді.
Клуб басшылығы мұндай шешімге Испания Ла-лигасының соңғы турында «Барселонаға» ойсырай ұтылғаннан кейін келді.
Сонымен қатар, «Реал» Лопотеги бастамасымен ішкі чемпионаттағы соңғы 5 ойында 1 ұпай ғана жинап, турнирлік кестеде 9-шы орынға түскен еді.
Қазіргі таңда клубтың бас бапкері қызметін жастар командасының бапкері Сантьяго Солари уақытша атқаратын болады. Мадридтік клуб жақын арада бас бапкер қызметіне италяндық маман Антонио Контені шақырады деп күтілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еламан Жоламан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
19.10.2026, 18:00
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы күміс және қола медаль жеңіп алды
19.10.2026, 16:00
Қазақстандық спортшылар пара пауэрлифтингтен екі медаль жеңіп алды
19.10.2026, 15:30
Ибрагим Нұрмаханұлы V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
19.10.2026, 15:00
Давид Дегтярев V Пара Азия ойындарының рекордын жаңартып, чемпион атанды
19.10.2026, 13:00
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде чемпион атанды
19.10.2026, 11:00
Еркін Ғаббасов Пара Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды
19.10.2026, 10:00
Тұрсынай Қабыл V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
19.10.2026, 09:55