Универсиада - 2017. Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская екінші алтын медалін жеңіп алды
Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Қысқы Универсиада-2017 ойындарында 12,5 шақырым қашықтыққа масс-старт жарысынан екінші алтын медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Вишневская төрт нысана көздеу айлағында тек бір рет қателесіп, қашықтықты 36:15.4 минутта жүріп өтті. Күміс медаль украин спортшысы Яна Бондарьға (+1:02.3) бұйырса, қола медальді ресейлік Лариса Куклина (+1:13.1) жеңіп алды.
Тағы бір қазақстандық Елизавета Бельченко (+1:27.0) төрт нысана көздеу айлағында үш рет мүлт кетіп, төртінші орын алып қалды. Одан кейін тағы бір отандасыммыз Дарья Усанова (+2:10.9) келді. Ол алты рет мүлт кетті.
Осылайша, Вишневская Универсиаданың екінші алтын медалін алып отыр. Бұған дейін ол 7,5 шақырым қашықтықта жеңімпаз атанған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Талдықорғанда жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды
06.05.2026, 14:46
«Бавария» – «ПСЖ»: Tікелей эфир!
06.05.2026, 13:00
Хоккейден ӘЧ: Қазақстан қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді
06.05.2026, 11:00
«Арсенал» финалға шықты
06.05.2026, 09:00
Әсем Орынбай стенд атудан Алматыдағы Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
05.05.2026, 17:15
Хоккейден Әлем чемпионаты: Қазақстан мен Польша кездеседі
05.05.2026, 17:00
«Арсенал» – «Атлетико»: Тікелей эфир!
05.05.2026, 14:00
Қазақстан үстел теннисінен Әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды
05.05.2026, 10:10